«Уроки Гармонии» фильмі «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды / Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ



Қазақфильм киностудиясының бүгінгі күнгі тіршілігі, фильмдер қоры, жаңа фильмдері мен жаңа жобалары жайындағы ақпаратпен танысып, өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз.

Блог kazakh-kino
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



«Уроки Гармонии» фильмі «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған жас режиссер Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы 63-ші Берлин кинофестивалінде «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды. Атаулы жүлде 16 ақпанда Берлин Орталық сарайында өткен кинофестивальдің марапаттау салтанатында фильмнің операторы Әзиз Жамбакиевке тапсырылды.

— Картинаның режиссері Эмир Байгазинге, продюсері Анна Качкоға алғысымды айтқым келеді. Сонымен қатар, жас кинематографистерге ақылын айтып, оларды үнемі қолдап отыратын «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевқа алғысым шексіз. Мен нағыз бақытты жанмын! Бізге қолдау көрсеткендерге үлкен рахмет!», — деді жүлде иесі марапаттау кешінде.

«Уроки Гармонии» фильмі қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, жүлдеге қол жеткізген кинотуынды. Фильмді тамашалаған халықаралық киносыншылар мен БАҚ өкілдері де жоғарғы бағасын берді.

Фестивальдің Бас жүлдесі – «Алтын Аю» Румынияның режиссері Калин Питер Нецердің «Поза эмбриона» картинасына, ал «Гран-При» жүлдесі босниялық режиссер Данис Тановичтің «Эпизод из жизни сборщика железы» атты фильміне бұйырды.

63-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінде «Күміс Аю» жүлдесімен марапатталғандар: «Ең үздік режиссер» - Давид Гордон «Повелитель лавин» (АҚШ) фильмі үшін; «Ең үздік актриса» - Полина Гарсиа «Глория» (Чили, Испания) фильміндегі рөлі үшін; «Ең үздік актер» - Назиф Муджич «Эпизод из жизни сборщика железа» (Босния-Герцеговина) фильміндегі рөлі үшін; «Үздік операторлық жұмыс» – Әзиз Жамбакиев «Уроки Гармонии» (Қазақстан, Германия) фильмі үшін; «Ең үздік сценарий» – Джафар Панахи «Закрытый занавес» (Иран) фильмі үшін. Альфред Бауэрдың жүлдесі (кино өнеріне жаңашылдық алып келгені үшін) режиссер Дэни Котенің «Вик и Фло увидели медведя» (Канада) картинасы; Режиссер Ким Мордаунттың «Ракета» драмасы «Үздік дебюттік фильм» атанды. Ал, «Қысқа метр» байқауында француз режиссері Жан-Бернар Марлидің «Побег» фильмі «Алтын Аюға» қол жеткізсе, «Сохранить спокойствие» картинасы үшін Штефан Крикхаус қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» («Spotlight: New Kazakh Cinema»), үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алған болатын.

Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба.

Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі және беделді фестивальдердің бірі. Ол – аты әлемге мәшһүр Канн және Венеция кинофестивальдерімен – тең дәрежелі байқау. Осындай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл).

Берлин кинофестивалі 2013 жылдың 7 мен 17 ақпан аралығында өтті.