Берлин кинофестивалі өз шымылдығын ашты. / Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ



Қазақфильм киностудиясының бүгінгі күнгі тіршілігі, фильмдер қоры, жаңа фильмдері мен жаңа жобалары жайындағы ақпаратпен танысып, өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз.

Блог kazakh-kino
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Берлин кинофестивалі өз шымылдығын ашты.

7 ақпанда 63-ші Берлин кинофестивалі өз жұмысын бастады. Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы аталған фестивальдің негізгі байқауына іріктеліп алынды.

«Негізгі байқауға қатысатын кез келген фильмді құпияда қалдырады. 14 ақпанда БАҚ өкілдеріне арналған «Уроки Гармонии» фильмінің жабық көрсетілімі және фестивальге алдын ала тіркелген журналистермен баспасөз отырысы өтеді. Күннің екінші жартысында Берлинале орталық сарайында (Berlinale Palast) фильмнің алғашқы көрсетілімі болады. Тұсаукесер алдында картинаның шығармашылық тобы қызыл кілемнің үстінен өтеді»,- деді фильмнің продюсері Анна Качко.

Фестивальдің ашылу салтанатына Мэтт Деймон, Джуд Лоу, Стивен Содерберг, Жюльет Бинош, Катрин Денев, Изабель Юппер сынды танымал жұлдыздар қатысады.

«Көптеген елдердің фильмдерімен жұмыс жасауда тәжірбиесі бар және осы салада барлық құқықтарды жақсы білетін Францияның FILMS DISTRIBUTION агенттігі «Уроки гармонии» фильмін әлемдік прокатқа шығарумен айналысатын болады»,- деді продюсер. Продюсердің айтуынша, 2012 жылы FILMS DISTRIBUTION компаниясы ұсынған WAR WITCH фильмі Берлин кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне қол жеткізіп, «Оскар 2013» киножүлдесіне үміткерлердің тізімінен көрінді. .
28 жастағы қазақ режиссері – Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алды.
Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба.

Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі және беделді фестивальдердің бірі. Ол – аты әлемге мәшһүр Канн және Венеция кинофестивальдерімен – тең дәрежелі байқау. Осындай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл).
Биыл Берлин кинофестиваліне қатысуға 3000-нан астам фильм ниет білдірген, олардың көбі – әлемдік және еуропалық кинопремьералар. Қазақстандық «Уроки гармонии» фильмі аталмыш фестивальдің негізгі конкурсына қатысатын Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сынды көрнекті кинорежисслерлермен бірге бәйгеде бақ сынасады. 63-ші Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының төрағалығына қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспресі», «Махаббат көңіл күйі», «Ұлы өнерпаздар») тағайындалған.
Былтыр Берлин кинофестиваліне 450 000-нан астам адам қатысты, соның ішінде 4000-ға жуығы 86 елден арнайы келген журналистер болды.