Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ



Қазақфильм киностудиясының бүгінгі күнгі тіршілігі, фильмдер қоры, жаңа фильмдері мен жаңа жобалары жайындағы ақпаратпен танысып, өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз.

Блог kazakh-kino Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


VII Халықаралық «Еуразия» фестивалі шеңберінде өткен Бірінші «Қазақстан киножобалар нарығында» жеңіске жеткен режиссерларды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында дипломмен марапаттады.

Эмир Байғазиннің «Гармония сабақтары» атты психологиялық драмасы «Қазақстан киножобалар нарығында» бас жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаз атанған жоба Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы тарапынан қаржылай қолдау алып, халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік алады. 22 қыркүйекте сынға түскен сегіз бірдей жобаларды талқылау барысында, бірнеше елдің кино майталмандары бір дауыста осы жобаға бас жүлдені беруді ұйғарды. Жеңіске жеткен жоба өзінің өзектілігі мен ызғарлығымен ерекшеленіп, халықаралық коммиссияның көңілін бірден баурап алды.

Сонымен қатар, Әділхан Ержановтың «Сұрапыл барымташылар» және Талғат Бектұрсыновтың «Үйге барар жолда» жобалары «Қазақстан киножобалар нарығының» дипломдарымен марапатталды.

«Қазақстан киножобалар нарығы» шетелдік әріптерстермен тілдесіп, тәжірбие алмасуға мүмкіндік беретін Еуразия кинофестивалі шеңберінде өткізілетін маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл бизнесс-алаңға шетелдің 35 сарапшылары (продюсерлер, «А» дәрежелі фестиваль және киноқор өкілдері, сату агенттері, халықаралық журналистер) және Қазақстан киноиндустриясының 150 астам өкілдері қатысты.

- Алғаш рет өткізіліп отырған бұл іс-шара сәтті өтті деп ойлаймын. Халықаралық сарапшылар отандық режиссерлардың жобаларына үлкен қызығушылық танытты, сондықтан да жақын арада осы игі іс өз жемісін беретініне кәміл сенемін, - деді «Қазақстан киножобалар нарығының» директоры Анна Качко.
X
Теги: қазақфильм, режиссер, әмір Байғазин, Әділхан Ержанов, Еуразия, Қазақстан
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Қанағат Мұстафиннің «Секіріс» фильмі «Атлант» атты VIII Халықаралық спорт тақырыбындағы фильмдер фестивалінде жүлделі 3 орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, «Секіріс» фильмі 2011 жылы 27 мен 30 қыркүйек аралығында Липецк қаласында өткен фестивальде бақ сынаған болатын. Аталған фестивальде бас жүлдеге қол жеткізген Сербия мемлекетінің «Монтевидео» фильмі болса, екінші орынға Ресей мемлекетінің «Ерлер мен әйелдер ойыны» фильмі жайғасты.
- Ұйымдастыру жағынан маған қатты ұнады. «Секіріс» фильмін көрермендер жылы қабылдады,-деді фестивальге қатысқан фильмнің режиссері Қанағат Мұстафин. Сонымен қатар жас режиссер фестивальдің барлық көрсетілімдерінде халықтың көптеп жиналғаны және көптеген шетел қонақтарының қатысқаны жайында, соның ішінде аты аңызға айналған хоккейші, 10 мәрте әлем чемпионы Петровтың қатысқаны туралы сөз айтты.
- «Атлант» - спорттық фильмдер фестивальдері ішіндегі дүние жүзі бойынша ең ірі фестивальдердің бірі. Олай дейтінім, бұл жолы фестивальға қатысуға 27 елден 101 өтініш түскен екен. Олардың ішінде қысқа және толықметражды, деректі фильмдер де бар,- деді сөз соңында режиссер.
X

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Ардагерлер үйінде «Қыз Жібек» фильмінің өңделген жаңа нұсқасын тегін көрсетті. Көрермен саны шамамен елу шақты адамнан құралды. Ардагер Валентина Михайловна көзіне жас алып, шараны ұйымдастырушылармен көрсетілімнен кейінгі пікірімен бөлісуге асықты: «Кезінде Асанәлі Әшімов пен Фарида Шәріпова сынды актерларды өз көзіммен көрген болатынмын. Енді міне, араға неше жыл уақыт салып, осындай әдемі махаббат дастанын бейнелеген лирикалық фильм арқылы қайта қауышқаныма қуаныштымын. Қазақфильмнің фильмдік қоры бай екендігі белгілі, осылай бізге жиі келіп тұрыңдар.»

Қорытындысында киностудия атынан Ардагерлер үйіне арнайы Шәкен Айманов фильмдерінің DVD-дің «алтын» жинағы тапсырылды.
- Осындай сыйлық үшін «Қазақфильмге» айтар алғысымыз шексіз. Себебі, Шәкен Аймановтың фильмдері ұлттық мұраға айналды. Енді біз фильмдерді көре отырып, өзіміздің жастық шағымызды еске аламыз – деп, ардагерлер кеңесінің төрайымы Динара Ілиясовна ризашылығын білдірді.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болашақта да Ардагерлер үйінде осы іспетті қайырымдылық көрсетілімін дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Silk Way Cinema Studio (Санкт-Петербург) компаниясымен бірлесе отырып, режиссер Роза Орынбасарованың «Жәңгір» атты тарихи драмасына актерлер кастингін жариялады.

Басты рөл татар ұлтының қызы:

- 18-25 жас аралығындағы бойжеткен, бет-әлпеті сұлу әрі сымбатты болуы керек. Қазақ, орыс, татар тілдерін білгені жөн. Сонымен қатар, француз тілін де меңгергені абзал. Бойы 160 см-ден жоғары болуы шарт.

Басты рөл кейіпкерлеріне қойылар талаптар:

- 20 жас пен 28 жас аралығындағы қазақ жігіттері, бойының өлшемі 175 см-ден жоғары, тартымды бет-әлпет, дене бітімі сымбатты; қазақ және орыс тілін жете меңгерген, сонымен қатар шетел тілдерін де білгені абзал.
Кастинге қатысамын деушілер 3 түрлі фотосуреттерін (300-500 кб) және өзі жайындағы ақпаратты: аты-жөні, жас мөлшері, білімі, спорттық жетістіктері (атпен шаба білу, би өнері), төменде көрсетілген эл. адреске жіберулеріне болады:
Zhangir2010@gmail.com

Гүлнар Нұрсұлтановна:
Тел.: 8-705-259-92-81

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық продюсерлік орталығымен бірлесе отырып, режиссер Дәмір Манабайдың жаңа «Лотерея» атты көркем фильміне кастинг жариялайды.

Талаптары:
• 9 бен 11 жас аралығындағы қыз бен балалар, бет-әлпеті азиялық пішінде және қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер
• 18 бен 20 жас аралығындағы бозбалалар, бет-әлпеті еуропалық кейіп

Суреттерді төмендегі эл.адреске жіберуге болады:
Zhanna0101@mail.ru
немесе мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

әл-Фараби даңғылы, 176
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
ПЛК ғимараты, 2 қабат, 276, 277, 264 бөлме

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен кинематография және анимацияның Ұлттық Орталығымен (CNC, Фанция) жасалған кинематографиялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты келісім Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өз жұмысын бастады.
Код
Аталған құжатқа қол қою рәсімі  27 қазан күні Гимэ (Франция) мұражайында Қазақтан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Франция Республикасының Мәдениет және байланыс Министрі Фредерик Меттеранмен кинематография саласындағы ынтымақтастық Келісіміне қол қою барысында жүзеге асты.  
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен CNC арасындағы өзара Келісім шеңберінде екі жақ төменде көрсетілген қызметтер бойынша ортақ уағдаластыққа келді:
1.   Екі елдің кинофестивальдеріне қатысу мүмкіндігі;
2.   Киноиндустрияның заңнамалық базасын,  «Кино туралы » Заң тармақтарын дамыту барысында өзара ақпарат пен тәжірибе алмасу;
3.   Бірлескен жобаларды өндіру және жобаларды әлемдік нарыққа шығару;
4.   Екі елдің  кинематографиялық жетістіктерін сақтау мен ынталандыру мәселеріндегі ынтымақтастықты нығайту;  фильмдер қорын құруда ақпаратпен алмасу;
5.   Кинематографиялық және аудиовизиуалды шығармалардың Заңсыз таратылымымен күрес мәселесінде екі елдің күшін нығайту.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаевтың мәлімдеуінше, -  «Бұндай келісімге қол қою – француз кинемтографиясымен  тікелей ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі қадам.  Еуроппаның ірі кинематография қорымен жасалған бұл келісім, Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бергі  кино жайындағы алғашқы құжаты болып табылады.» Сонымен қатар,Ермек Аманшаев Францияның кинематография және анимация Ұлттық қорының бас директоры Анна Дюрипти ханыммен кездесу барысында, былайғы іс-әрекеттер бағдарламасын бірлесіп жасау жөнінде өзара шешімге келгендерін де атап өтті.
Франция кинематографиясының Ұлттық Орталығы (Centre National de la Cinematographie - CNC )
Мәдениет және байланыс Министрлігінің қарамағындағы қоғамдық мекеме. CNC қызметіне:  заңнамалық және регламентациялық мәтіндерді жасау, өндіріске қажетті қаражаттың рұқсаттамасы мен бейненің сатылымға және прокатқа шығуы, кино өндірісі және тарату  кезінде немесе қайтарма кепілдігі мәселесі жөнінде киноға қаржылық қолдау көрсететін қорларға басшылық ету (кинотеатрлардағы жинақ мөлшері 11 пайыз), кино секторын қолдау, мұрағатты басқару, зерттеу мен статистика жұмыстарын жүргізу.        
[QUOTE]

Биылғы VI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің соңғы, қорытындысы әдеттегіден ерекше болды. Әлемге әйгілі голливуд жұлдызы Робин Гуд образын сомдаған, халыққа "Терминатор" фильмімен танылған Кевин Костнердің концерті өтті. Рок-н-ролл бағытындағы ән кешіне келген халықтың ризашылығын төмендегі суреттерден байқауға болады.
Кевин Костнердің музыкалық тобының музыканттарының бірі

Ән мен бидің құдіреті көрермендердің жүрегін жаулап алды

Қыркүйек айының 21-і мен 25-і аралығында Алматы қаласында VI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі дүркіреп өтті. Қала тұрғындарына 5 күнге созылған кино мейрамын ҚР Мәдениет министрілігі мен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, ҚР Кинематографистер Одағы және кинофестиваль әкікшліігі сыйлады. Қорытындысын мына төмендегі суреттерден тамашалап, өз ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз.
Актер Нұржұман Ықтымбаев жұбайымен
Ерік Жолжақсынов
Асанәлі Әшімов кішкентай Асанәлімен
Асқар Бөрібаев, қала әкімі Ахметжан Есімов, Ермек Аманшаев
Ермек Аманшаев, Жерар Депардье
Билли Зейн жұбайымен
Ануар Нүрпейісов
Фархат Шәріпов, Максим Акбаров (ортада)
Асель Сәдуақасова
Аша Матай, Фара
Әсел Сағатова
Азиз Бейшеналиев және Карина Абдулина Андрей Звягинцев (сол жақта)

Алматы шаһарының тұрғындары мен қонақтарына қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлайтын алтыншы "Еуразия" кинофестивалінің басталуына бірнеше ғана күн қалды. Алдағы күнгі жоспарларыңызды біздің фестивальдің шеңберінде көрсетілетін фильмдердің уақытысымен ыңғайлап алу үшін фильмдердің көрсетілім кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

VI Халықаралық«ЕУРАЗИЯ» кинофестиваль аясында өтетін көрсетілімдер мен мерекелік шаралардың бағдарламасы

21 қыркүйек,Сейсенбі-18.00
Ашылу салтанаты
Лермонтов атындағы Орыс драма театры

22 қыркүйек, сәрсенбі 10.00–13.00
Түрік кино-теле жобаларының нарығы
«Сinema Towers» Фестиваль орталығы

Фестиваль орталығы – Almaty Towers
сағ. 11:00-Бибинур - Ресей (Татарстан), 14:00 - С 10 до 11 (Түркия),
16:00 - Истинный полдень (Тәжікстан), 18:00 - Сказ о розовом зайце (Қазақстан),
Серпінді дамудағы қазақ киносы – Фестиваль орталығы – Almaty Towers - сағ. 19:30 - Секер «Қазақфильм», 20.00 - Ойпырмай, или дорогие мои дети
«Cosmo Art»
Серпінді дамудағы қазақ киносы – «Мега» кинотеатры
сағ. 18.30-Прыжок Афалины
Жастар киносы бағдарламасы бойынша Almaty Towers - 2 қабат
15.00-Май, 21 мин.Трасса 09, 24 мин.Сюрприз, 27 мин.
Гала-премьералар және елеулі оқиға– "Цезарь" кинотеатры бағдарламасы бойынша: 13.00 елеулі оқиға
Қыз-Жібек - жаңа сандық жүйедегі нұсқа

23 қыркүйек, бейсенбі 10.00–13.00
Қазақстандық киножобалар нарығы
Фестиваль орталығы
«Сinema Towers»

Фестиваль орталығы – Almaty Towers
Халықаралық байқау бағдарламасы бойынша - сағ. 11:00 - Заблудившийся (Қазақстан), 14.00 - Смешались воды неба и земли
(Өзбекстан) 16:00 - Свет-аке (Қырғызстан), 18:00 - Куклы (Әзірбайжан),
Халықаралық байқау (екінші көрсетілім) – кинотеатр Silk Way City Сағ: 19.00- С 10 до 11 (Түркия), 20.00 - Бибинур Ресей (Татарстан), 20.30- Смешались воды неба и земли (Өзбекстан), 21.30 - Сказ о розовом зайце (Қазақстан),
Серпінді дамудағы қазақ киносы – Фестиваль орталығы – Almaty Towers - 19:30 - Ирония любви (Қазақфильм), 20:00 - Біржан сал (қазақфильм)
Серпінді дамудағы қазақ киносы – «Мега» кинотеатры
сағ. 18:30 Обратная сторона MG-Production,
Жастар киносы бағдарламасы бойынша Almaty Towers - 2 қабат15:00 - Странник, 107 мин.
Гала-премьералар және елеулі оқиға– "Цезарь" кинотеатры
18:00 - Astana-Team
Александр Винокуровтың қатысуымен түсірілген деректі фильм

Бүгінгі француз киносы - "Арман" кинотеатры
19:30 француз бағдарламасының ашылу салтанаты. Гала-премьера "Океаны" - көк зал
Фестиваль орталығы – Almaty Towers
24 қыркүйек, жұма - 11:00 Женщина у стремени Қырғызстан 14:00 - Гастрабайтер, (Россия, Узбекистан), 16:00 Волосы - (Түркия), 18:00 - 40-дверь (Әзірбайжан)
Халықаралық байқау (екінші көрсетілім) – кинотеатр Silk Way City
19:00 - Свет-аке (Қырғызстан), 20:00 - Заблудившийся (Қазақстан), 20:30 Куклы (Әзірбайжан), 21:30 - Истинный полдень (Тәжікстан)
Серпінді дамудағы қазақ киносы – Фестиваль орталығы – Almaty Towers
19:30 - "Рывок" (Қазақфильм), 20:00 - "Кто Вы, господин Ка?" (Қазақфильм)
Серпінді дамудағы қазақ киносы – «Мега» кинотеатры
18:30 - "Келін" (Қазақфильм),
Жастар киносы бағдарламасы бойынша Almaty Towers - 2 қабат
15:00 - Сделка, 24 мин. Адажио, 13 мин. Незнакомка, 22 мин.

Гала-премьералар және елеулі оқиға– "Цезарь" кинотеатры
19:00 - Телохранитель и убийцы - режиссер Тедди Ченнің қатысуымен

Бүгінгі француз киносы - "Арман" кинотеатры
18:00 - Я счастлива, что моя мать жива (Қызыл зал)
20.30 - Трезор Қызыл зал
24.00-06.00 - Қысқа метр түні

25 қыркүйек, сенбі
Фестиваль орталығы – Almaty Towers
18:00 - Лермонтов атындағы Орыс драма театрының Жабылу салтанаты
Халықаралық байқау (екінші көрсетілім) – кинотеатр Silk Way City
19:00 - "40-дверь" (Әзірбайжан)
20:00 - "Гастрабайтер" (Ресей, Өзбекстан)
20:30 - "Волосы" (Түркия)

Фестиваль орталығы – Almaty Towers
12:00 - "Другой берег" "кино"
12:00 - "Бәйтерек" (Қазақфильм)
14:00 - Елеулі оқиға "Гульбике" (Қытай)

Серпінді дамудағы қазақ киносы – «Мега» кинотеатры
14:30 - "Лавэ" Kazakhstan cinema

Жастар киносы бағдарламасы бойынша Almaty Towers - 2 қабат

15:00 - Силуэты Алматы, 75 мин.
Нежданный гость, 24 мин.


Бүгінгі француз киносы - "Арман" кинотеатры
15.30 - Человек и его собака (көк зал)
18.00 - Генсбур (көк зал)
20:30 - Любить по-французски (қызыл зал)

26 қыркүйек, жексенбі
Бүгінгі француз киносы - "Арман" кинотеатры

18:00 - Дикие травы (Қызыл зал)
20:30 - Париж! Париж! (Қызыл зал)

немесе қажетті ақпараттың барлығын мына сілтемелер бойынша табуға болады http://www.eurasiaiff.kz/ немесе http://www.kazakhfilmstudios.kz/

VI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің ұйымдастырушылары арнайы БАҚ үшін халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетілетін фильмдердің алдын ала көрсетіліміндерін бастайды.

Осы аптадан бастап, төмендегі фильмдерді көре аласыздар:

- Сәрсенбі, 15 қыркүйек - "Жарық әке" (Қырғызстан).
- Жұма, 17 қыркүйек - "Шаш" (Түркия, Греция)


Көрсетілімнің өтетін жері: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, (әл-Фараби даңғ, 176) , әкімшілік ғимарат, 1 қабат "Кино алаңы" клубы.
Уақыты: сағ: 12.00

Қосымша ақпарат үшін "Еуразия" ХКФ баспасөз қызметіне хабарласуға болады. тел: +7 (727) 317-90-22, ұялы тел.: + 7 705 257-80-04 (Александра), e-mail: pressiff@gmail.com

2 қыркүйек күні «InterContinental Almaty» қонақ үйінде өткен баспасөз-конференцияда 2010 жылы қыркүйектің 21 мен 25 аралығында Алматы қаласында VI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтетіндігі жайындағы ақпарат ресми түрде хабарланды. Биылғы жылы «Еуразия» фестивалінің негізгі орталығы Сәтбаев пен Жандосов көшелерінің қиылысындағы көпфункционалды Almaty Towers кешені болмақ. Бұл жерде халықаралық байқауға қатысатын фильмдердің көрсетілімдері, кинематографистердің қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер және басқа да фестиваль шаралары өтеді.
Фестиваль көптеген шетелдік кино жұлдыздардың қатысуымен өтеді. Бұл топты әлемге әйгілі француз актеры Жерар Депардье бастап келеді, - деп мәлімдеді фестивальдің арт-директоры Гүлнәр Әбікеева.
Дегенмен де, фестивальдің негізгі мақсаты жаңа бағытпен жанданып келе жатқан қазақ киносын кеңінен насихаттай отырып, қазақ киносының алаңында Қарлығаш Мұхамеджанова, Әнуар Нұрпейісов, Әсел Сағатова, Берік Айтжанов, Санжар Мадиев сынды көптеген жас буын актерлеріміздің жұлдыздары жарқырап келе жатқандығын көпшілікке таныстыру.

26 тамыз күні көпшіліктің асыға күткен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ соңғы туындысы "Қызғылт қоян туралы хикая"("Сказ о розовом зайце") фильмі көрермен назарына жол тартады. Бұл фильм режиссер Фархад Шариповтың тырнақалды туындысы.
Фильм ауылдан келіп, алматылық дәулетті отбасы балаларының дәл ортасына топ ете түскен бас кейіпкердің тағдыры қай қиырларға бастар екен деген сұрақтардың жауабын береді.

Тамыз айының 13-сінен бастап Қазыбек би көшесі мен Абылай хан көшелерінің қиылысында дала кинотеатры өз жұмысын бастайды.
Бұл әлеуметтік шараны ұйымдастырушылар Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ мен Beeline компаниясы бірлесіп жүзеге асыруда. Мерекелік шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Президенті және т.б. Халық әншісі Бибигүл Төлегенова, фильмде басты кейіпкерлердің бірін сомдаған Шолпан Алтайбаева және ресейлік режиссер, актер Егор Кончаловский және т.б. көптеген белгілі өнер қайраткерлері қатысады. Дала кинотеатрында көрермен назарына "Қазақфильм" киностудиясының соңғы 40 жыл бойындағы туындылары мен қатар жаңа фильмдері ұсынылады.

20 шілде күні Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның Баспасөз қызметі журналистер қауымын жас әрі талантты режиссер Әділхан Ержановтың "Риэлторы" деп аталатын фильмінің түсіру тобымен қауыштырды. Фильм жанры фонтастикаға толы, қызық оқиғалы комедия. Алайда, бүгінгі күні фильмнің түсіру барысының өзі фонтастикаға, тылсым құбылыстармен байланысты болып жатыр. Мысалы, түсірілімнің басталар кезінде актерлардың бірі аяғын сындырып алса, бірі көлік апатына тап болыпты. Тіпті, актерлардың бірі күнге қызып кеткені соншалық, ес-түсінен адаса жаздапты. Әбүйір болғанда барлығы дерлік аман-есен. Сонымен қатар, екі күн бұрып дауыл түсірілім тобының барлық декорацияларын ұшырып әкеткен.
Осы жайттарға қарамастан Іле өзенінің жағалауында орналасқан түсіру алаңындағы жұмыс қызу жүріп жатыр.
Фильмдегі рөлдерді сомдаған актерлардың барлығы кәсби актерлар емес. Әр қайсысы жарияланған жалпы іріктеуден өткен. Солардың ішінде Ақерке Қалтай, Құрбан Тұрдымаметов, Арслан Акубаев және екі кішкентай бүлдіршіндер Алия Зайналова және Адема Ержанова.
Фильм келесі жылдың көктем айларында көрермен назарына ұсынылады деп жоспарланған.

14 шілде күні "Қазақфильм" киностудиясы Голливуд жұлдыздары Эдриан Броуди , Марк Дакаскос және Арманд Ассантиді қарсы алды. Голливуд жұлдыздары жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған "Қазақфильм" киностудиясын аралап, "Махаббат тәлкегі", "Қара майор" және "Сіз кімсіз, Ка мырза?" фильмдерінің үзінділерін тамашалады. Сонымен қатар, кездесу барысында Поланскийдің "Пианист" фильмімен танымал болған Эдриан Броудидің болашақта "Қазақфильм" киностудиясының жобаларына қатысу мүмкіндігі талқыланды.