|
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Қазақфильм киностудиясының бүгінгі күнгі тіршілігі, фильмдер қоры, жаңа фильмдері мен жаңа жобалары жайындағы ақпаратпен танысып, өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз.
|
|
|
|
IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі
2013 жылы қыркүйектің 16-21 жұлдызы аралығында Алматы қаласында ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл жөнінде фестивальдің дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында баяндалды. Мәдени іс-шараға қатысқандар: IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті Ермек Аманшаев, фестиваль директоры Серік Жұбандықов, арт-директоры Гүлнәр Әбікеева және іріктеу комиссиясының мүшесі Ерлан Нұрмұхамбетов.
- «Еуразия» кинофестивалі бүгінде әлем кинематографистерінің кәсіби алаңына айналып отыр. Кез-келген кинофестиваль сол елдің кинематография деңгейінің көрсеткіші. ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен отандық кинематография соңғы жылдардағы үлкен табыстарға қол жеткізе алды. Бұл – еліміздегі кино өндірісінің даму үрдісінің, ұлттық кинематографтың өскелең беделінің белгісі, - деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев.
Биыл, ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген 170-тен астам кинотуындылардан 12 фильм ғана іріктеліп алынды, олардың қатарында: «Милая» (Италия, 2013), «Анри» (Франция, 2012) «Мои сестры» (Германия, 2013), «Ваджда» (Сауд Арабиясы, Германия, 2012), «Не беспокойся, Сара» (Иран, 2013), «Ило Ило» (Сингапур, 2013), «Цикл» (Түркия, 2012), «Стыд» (Ресей, 2013), «В цветении» (Грузия, 2013), «Страсть» (Қырғызстан, 2013), «Зарандуд» (Тәжікстан, 2013) және қазақстандық фильм – «Бауыр» (реж. С.Апрымов, 2013 – фильм Венеция кинофестивалінің бағдарламасына іріктеліп алынды).
Айта кетсек, ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі халықаралық қазылар алқасының құрамымен өзгешеленбек. Қазылар алқасына жаңазеландиялық жазушы және Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған («Пианино») тұңғыш әйел кинорежиссер, сондай-ақ «Оскар» сыйлығы, Венеция кинофестивалінің «Күміс арыстан» жүлдесінің игері Джейн Кэмпион төрайымдық етпек. Сонымен қатар, қазылар құрамында Канн кинофестивалі сыйлығының иегері («Алтын пальма бұтағы» «Убой» фильмі үшін), белгілі азиялық кинорежиссер, оператор және продюсер Брильянте Мендос, арт-хаус жанры бойынша әлемдегі беделді продюсерлердің бірі, испандық продюсер, режиссер, актер және сценарист Луис Минарро, сондай-ақ белгілі американдық сценарист Дэвид Фрацони төрелік етпек. Дэвид Фрацонидің сценарийі бойынша түсірілген «Гладиатор» фильмі «Оскар» сыйлығын бес номинация бойынша жеңіп алған. Халықаралық қазылар алқасының ең жас мүшесі 29 жастағы қазақстандық Эмир Байғазин.
- Фестиваль аясында дәстүрлі конкурстан тыс «Ортаазиялық панорама», «Шығыс-Батыс» (батыс кинорежиссері – Джейн Кэмпион және шығыс кинорежиссері – Брильянте Мендосаның ретроспективалары енгізілген) бағдарламалар ұсынылады. Сондай-ақ, World Cinema Fund, ресей киносының күндері және «Қарқынды дамушы қазақ киносы» бағдарламалары бар. Көрермендер халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне ие болған қазақстандық фильмдерді және режиссер Дәрежан Өмірбаевтың ретроспективалық фильмдерін тамашалай алады.
ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өтетін тағы бір маңызды іс-шаралардың бірі – жас кинематографистерді қолдап, халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema»). Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы өткен бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» 60-тан астам өтінім келіп түскен болатын. Іріктеліп алынған 8 жобаның ішінен Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге –Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды.
Ал осы жылдың ақпан айында «Жарасым дәрістері» картинасы қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесіне қол жеткізе алды. «Еуразия» кинофестивалінің негізгі мақсаттарының бірі – Еуропа және Азия елдерінің продюсерлері арасындағы байланысты нығайту. Биылғы жылы кинофестивальде киноқоры бойынша дөңгелек үстел өткізілмек. Ұйымдастырушысы – Берлин кинофестивалі жанындағы World Cinema Fund содиректоры Винченцо Буньо. Аталмыш киноқор фестивальдерде жүлделі орындарды иелеген жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Дөңгелек үстелге халықаралық жетекші киноқорлары мен Орта Азия және Қазақстан аумағында ынтымақтастық тәжірибесі бар продюсерлер қатысады.
«Еуразия» кинофестивалі аясында әлемнің жетекші кинематографистерінің қатысуымен дәстүрлі шеберлік кластары ұйымдастырылады. Жас кинотанушылар үшін Францияның белгілі киносыншысы Мэтью Даррас шеберлік класын өткізеді. Даррас мырза Nisi Masa атты жас кинематографистерді қолдауды көздейтін Еуропалық желінің негізін құрушы және белгілі француздық Positif кинобаспасының тұрақты авторы, Канн және Сан-Себастяндегі кинофестивальдердің іріктеушісі. Оның шеберлік кластарына қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, жас кинотанушылар мен киносыншылар қатыса алады. Сондай-ақ, фестиваль аясында белгілі американдық сценарист, «Еуразия-2013» қазылар алқасының мүшесі Дэвид Фрацони сценарлық шеберлк кластарын өткізеді. Шеберлік класына қатысушылар өнер саласында оқитын жоғары оқу орны студенттері мен кинематографистер арасынан арнайы іріктелініп алынады. Продюсерлік бойынша шеберлік кластарын американдық продюсер «300 спартанцев», «Александр», «Война Богов: Бессмертные» фильмдерін түсірген Джанни Нуннари өткізеді.
Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі — FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін, әлемдік кинофестивальдар каталогына енген қазақстандық бірегей кинофестиваль болып табылады. 2012 жылы Ұлыбританияда шығарылған «International Film Guide» атты ақпараттық жинақ «Еуразия» кинофестивалін әлемдегі 35 озық кинофестивальдің тізіміне енгізді. «Еуразия» ХКФ-нің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Кинофестивальді ұйым¬дас¬ты¬ру және өткізу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Алматы қаласының әкімдігімен және Қазақстан Кинематографистер Одағымен бірлесе жүзеге асырады.
«Қазақстандық киножобалар нарығы – 2013»
2013 жылы 19 қырүйекте Алматы қаласында IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде жас кинематографистерді қолдап, халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema») атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.
2011 жылы өткен бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» 60-тан астам өтінім келіп түскен болатын. Іріктеліп алынған 8 жобаның ішінен Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге –Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды. Ал осы жылдың ақпан айында «Жарасым дәрістері» картинасы қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесіне қол жеткізе алды. Сондай-ақ, аталмыш тырнақалды кинотуынды Словакия елінде, Сиэтл мен Базель қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдерде Бас жүлдеге қол жеткізіп, Нью-Йорк қаласында өткен «Трайбека» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, «Қазақстандық киножобалар нарығында» жас режиссерлер Әділхан Ержанов («Журналист экстрима» жобасы үшін/өндірісте) және Талғат Бектұрсынов («По дороге домой» жобасы үшін/талқылау үстінде) арнайы дипломмен марапатталған болатын.
Биыл, екінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» қатысуға Еуропа мен Азияның кинобизнес саласындағы алдыңғы қатардағы мамандары келеді, олар: киноқорлар мен ірі ко-өнімі нарығының басшылары, танымал продюсерлер, сату бойынша агенттер мен дистрибьюторлар. Олардың басты мақсаты-жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан киноөндірісімен етене танысу және кейбір жобаларды бірге ұйымдастыру.
«Қазақстандық киножобалар нарығының» ресми бағдарламасына 7-10 авторлық жоба іріктелініп алынады. Бұл жобаларды ашық тұсаукесер-питчинг кезінде оның режиссерлері, продюсерлері мен сценаристері таныстырады. Халықаралық сарапшылар тарапынан үздік деп танылған жоба «Қазақфильм» киностудиясының қолауына ие болады.
Сондай-ақ, «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде дөңгелек стөлдер мен шебер класстар өткізіледі.
Аталған шараға қатысу үшін 2013 жылдың 25 тамызына дейін сұранымды толтырып өткізу керек.
Жобаларды таңдауда қолданылатын талаптар:
• Өндіріс үстіндегі көркем толықметражды авторлық фильм;
• Сұранымды тапсыру барысында бекітілген сценарийдің болуы;
• Халықаралық немесе еуропалық дистрибуция үшін жоба мінездемесінің әлеуеті жоғары болуы шарт;
• Жобаның өндіріске кететін шығыны - 1 млн. АҚШ доллары.
Керек құжаттар:
• Толтырылған сұраным түрі;
• Орыс және ағылшын тіліндегі синопсис (3 бет);
• Орыс және ағылшын тіліндегі режиссер көзқарасы (1 бет).
Сондай-ақ, егер де сіздің жобаңыз халықаралық ко-өніміне сай болмаса, «Қазақстан киножобаларының нарығына» қатыса аласыз.
Бұл іс шараға кіру тегін. Қазақстан кино саласының өкілдері (продюсерлер, дистрбьюторлар, режиссерлер, сценаристер, студенттер және т.б.) қатыса алады.
Электронды пошта бойынша толтырылған сұранымды жолдап, алдын ала жазылып алуларыңыз қажет.
Қатысу үшін толтырылған сұранымдарыңызды және аккредитация алу үшін электронды поштаға: KazakhFilmProject@gmail.com жолдаңыздар.
Байланыс телефоны: 313-11-21, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Киножобаларды дамыту орталығы.
Актау қаласында «Қазақ киносының күндері» өтеді
21 мен 23 ақпан аралығында Ақтау қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен «Маңғыстау облысындағы қазақ киносының күндері» өтеді.
Аталған мәдени іс-шара қазіргі қазақ киносының кеңінен насихатталуына бағытталып, қазақстандықтарды отандық кинематографияның жаңа жетістіктерімен таныстыру мақстаында арнайы ұйымдастырылған.
Бұл күндері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған «Жаужүрек Мың Бала» (режиссері Ақан Сатаев), «Аңшы бала» (режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов және Бегарс Елубай) және «Ка мырза, Сіз кімсіз» (режиссері Хуат Ахметов ) фильмдері көрсетіледі.
«Маңғыстау облысындағы қазақ киносының күндері» көрерменнің көзайымына айналған «Жаужүрек Мың Бала» фильмімен ашылады. Бұл көрсетілімге картинаның режиссері Ақан Сатаев, басты кейіпкерлер Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген қатысады. «Аңшы бала» фильмін көрермендерге таныстыратын картинаның режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов және сценарий авторы Смағұл Елубай.
Қазақ киносының күндері «Ка мырза, Сіз кімсіз?» фильмімен аяқталады. Көрсетілімге қазақ киносының мэтрі, ҚР халық артисі Асанәлі Әшімов қатысады.
Көрсетілімдер Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында өтеді.
«Уроки Гармонии» фильмі «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған жас режиссер Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы 63-ші Берлин кинофестивалінде «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды. Атаулы жүлде 16 ақпанда Берлин Орталық сарайында өткен кинофестивальдің марапаттау салтанатында фильмнің операторы Әзиз Жамбакиевке тапсырылды.
— Картинаның режиссері Эмир Байгазинге, продюсері Анна Качкоға алғысымды айтқым келеді. Сонымен қатар, жас кинематографистерге ақылын айтып, оларды үнемі қолдап отыратын «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевқа алғысым шексіз. Мен нағыз бақытты жанмын! Бізге қолдау көрсеткендерге үлкен рахмет!», — деді жүлде иесі марапаттау кешінде.
«Уроки Гармонии» фильмі қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, жүлдеге қол жеткізген кинотуынды. Фильмді тамашалаған халықаралық киносыншылар мен БАҚ өкілдері де жоғарғы бағасын берді.
Фестивальдің Бас жүлдесі – «Алтын Аю» Румынияның режиссері Калин Питер Нецердің «Поза эмбриона» картинасына, ал «Гран-При» жүлдесі босниялық режиссер Данис Тановичтің «Эпизод из жизни сборщика железы» атты фильміне бұйырды.
63-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінде «Күміс Аю» жүлдесімен марапатталғандар: «Ең үздік режиссер» - Давид Гордон «Повелитель лавин» (АҚШ) фильмі үшін; «Ең үздік актриса» - Полина Гарсиа «Глория» (Чили, Испания) фильміндегі рөлі үшін; «Ең үздік актер» - Назиф Муджич «Эпизод из жизни сборщика железа» (Босния-Герцеговина) фильміндегі рөлі үшін; «Үздік операторлық жұмыс» – Әзиз Жамбакиев «Уроки Гармонии» (Қазақстан, Германия) фильмі үшін; «Ең үздік сценарий» – Джафар Панахи «Закрытый занавес» (Иран) фильмі үшін. Альфред Бауэрдың жүлдесі (кино өнеріне жаңашылдық алып келгені үшін) режиссер Дэни Котенің «Вик и Фло увидели медведя» (Канада) картинасы; Режиссер Ким Мордаунттың «Ракета» драмасы «Үздік дебюттік фильм» атанды. Ал, «Қысқа метр» байқауында француз режиссері Жан-Бернар Марлидің «Побег» фильмі «Алтын Аюға» қол жеткізсе, «Сохранить спокойствие» картинасы үшін Штефан Крикхаус қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» («Spotlight: New Kazakh Cinema»), үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алған болатын.
Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба.
Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі және беделді фестивальдердің бірі. Ол – аты әлемге мәшһүр Канн және Венеция кинофестивальдерімен – тең дәрежелі байқау. Осындай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл).
Берлин кинофестивалі 2013 жылдың 7 мен 17 ақпан аралығында өтті.
Мексикада Дәрежан Өмірбаевтың фильмдері көрсетіледі
21 ақпан мен 3 наурыз аралығында Мексикада өтетін UNAM International Film Festival (FICUNAM) атты үшінші халықаралық кинофестивальде белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың фильмдері көрсетіледі.
Осы фестивальде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ әр жылдары түсірген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың алты бірдей фильмі көрсетіледі, олар: «Қайрат» (1991 жыл), «Кардиограмма» (1995 жыл), «Киллер» (1998 жыл), «Жол»» (2001 жыл), «Шұға» (2007 жыл) және «Студент» (2012 жыл). Аталған фильмдер Мексиканың University Cultural Center, Chopo University Museum, Contemporary Art University Museum, Acatlán Higher Learning Institution және Aragón Higher Learning Institution ғимараттарында көрсетіледі.
- Мексикаға алғаш рет бара жатырмын. Әрине, осы елде мен түсірген фильмдер көрсетілетініне өте қуаныштымын, - деді Дәрежан Өмірбаев.
Режиссердің жұмыстарынан құралған ретроспективалар бұдан бұрын Канаданың Торонто қаласында және Морокконың Рабата қаласында көрсетілген болатын. Сонымен қатар, режиссер Кореяның Сеул қаласында орналасқан кино мектебінде шеберлік-сағаттарын өткізген еді.
Мексиканың Ұлттық автономиялы университеті ұйымдастырған FICUNAM фестивалі биыл Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмімен ашылады.
Берлин кинофестивалі өз шымылдығын ашты.
7 ақпанда 63-ші Берлин кинофестивалі өз жұмысын бастады. Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы аталған фестивальдің негізгі байқауына іріктеліп алынды.
«Негізгі байқауға қатысатын кез келген фильмді құпияда қалдырады. 14 ақпанда БАҚ өкілдеріне арналған «Уроки Гармонии» фильмінің жабық көрсетілімі және фестивальге алдын ала тіркелген журналистермен баспасөз отырысы өтеді. Күннің екінші жартысында Берлинале орталық сарайында (Berlinale Palast) фильмнің алғашқы көрсетілімі болады. Тұсаукесер алдында картинаның шығармашылық тобы қызыл кілемнің үстінен өтеді»,- деді фильмнің продюсері Анна Качко.
Фестивальдің ашылу салтанатына Мэтт Деймон, Джуд Лоу, Стивен Содерберг, Жюльет Бинош, Катрин Денев, Изабель Юппер сынды танымал жұлдыздар қатысады.
«Көптеген елдердің фильмдерімен жұмыс жасауда тәжірбиесі бар және осы салада барлық құқықтарды жақсы білетін Францияның FILMS DISTRIBUTION агенттігі «Уроки гармонии» фильмін әлемдік прокатқа шығарумен айналысатын болады»,- деді продюсер. Продюсердің айтуынша, 2012 жылы FILMS DISTRIBUTION компаниясы ұсынған WAR WITCH фильмі Берлин кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне қол жеткізіп, «Оскар 2013» киножүлдесіне үміткерлердің тізімінен көрінді. .
28 жастағы қазақ режиссері – Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алды.
Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба.
Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі және беделді фестивальдердің бірі. Ол – аты әлемге мәшһүр Канн және Венеция кинофестивальдерімен – тең дәрежелі байқау. Осындай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл).
Биыл Берлин кинофестиваліне қатысуға 3000-нан астам фильм ниет білдірген, олардың көбі – әлемдік және еуропалық кинопремьералар. Қазақстандық «Уроки гармонии» фильмі аталмыш фестивальдің негізгі конкурсына қатысатын Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сынды көрнекті кинорежисслерлермен бірге бәйгеде бақ сынасады. 63-ші Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының төрағалығына қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспресі», «Махаббат көңіл күйі», «Ұлы өнерпаздар») тағайындалған.
Былтыр Берлин кинофестиваліне 450 000-нан астам адам қатысты, соның ішінде 4000-ға жуығы 86 елден арнайы келген журналистер болды.
«Сардар фильмі енді DVD-де
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК шығарған танымал режиссер Болат Қалымбетовтың «Сардар» атты тарихи драмасы DVD нұсқада жарық көрді.
XVIII ғасыр. Қазақ даласында “ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезеңі. Құлжа мен Ақберді есімді екі дос Қангерей батырды тұтқыннан босату үшін жолға шығады. Осы сапарларында жоңғар қоңтайшысы Шонайдың қолына тұтқынға түседі, осы жерде екеуі қалмақтың ханшайымы Сарымтанаға ғашық болады. Бірақ, бұл махаббат араларына қылау түспейтін екі достың жігін ашады.
DVD дискіні «Меломан» дүкендерінен сатып алуға болады.
2012 жылы «Жаужүрек Мың Бала» фильмінің 7000-нан астам DVD нұсқасы сатылды
«Меломан» дүкендері ұсынған мәліметтер бойынша 2012 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған фильмдер арасында ең көп сатылған DVD дискілердің тізімі:
1.«Жаужүрек Мың Бала» (режиссері Ақан Сатаев) – 7016 дискі
2.«Шал» (режиссері Ермек Тұрсынов) – 1861 дискі
3.«Балалық шағымның аспаны» (режиссері Рүстем Әбдірашев) – 1523 дискі
4.«Жоюшы» (режиссері Ақан Сатаев) – 1199 дискі
5. «Қыз-Жібек» (режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықов) – 862 дискі
«Аққыз» фильмі Таллинндегі кинофестивальға қатысады.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі мерейтойлық XV «Қараңғы түн» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады. Шығыс Еуропада ең ірі фестивальдердің бірі болып саналатын бұл мәдени іс-шара Таллинн қаласында қарашаның 16 мен 30 аралығында өтеді.
Фестиваль негізгі бағдарламадан, бірнеше кіші фестивальдерден, медиа және киноөндірісі нарығынан құралған. Фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов өзінің осымен екінші толықметражды жұмысын фестиваль көрермендеріне өзі таныстырып, тек бас жүлдені алуды көздеп отыр. Естеріңізге сала кетсек, Жетіруовтың «Дүниежарық» атты алғашқы картинасы көптеген халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрінген болатын.
  X
Теги: Аққыз, Жаңабек Жетіруов, қазақфильм, фестиваль
Алматы қаласында «Обай бастауы» деректі фильмнің тұсауы кесілді.
22 қазанда «Cinema towers» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Жаңа ғасыр» студиясы бірлесіп шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Обай бастауы» фильмінің тұсаукесері өтті.
 
Кинокартинада Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндалады. Фильм басты кейіпкердің естелігінен құралған, сонымен қатар ол туралы оның жақындары мен достары сыр шертеді.

Фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов 40-тан астам деректі фильмдерді, олардың ішінде көптеген биографиялық туындыларды түсірген. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген режиссер картинаның басты кейіпкерімен жұмыс істеген үлкен ғанибет екенін атап өтті. Тұсаукесерге еліміздің қоғам және өнер қайраткерлері де қатысты X
Теги: Жаңабек Жетіруов, қазақфильм, Есмұхан Обаев, театр, Обай бастауы, тұсаукесер
"Серпіліс" фильмі спорт тақырыбындағы картиналарға арналған кинофестивальде бақ сынайды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Қанағат Мұстафиннің «Серпіліс» фильмі 11 мен 13 қарашада Лос-Анджелес қаласында өтетін «All Sports Los Angeles Film Festival» спорт тақырыбындағы фильмдерге арналған кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысатын болады. Фестивальге картинаның продюсері мен режиссері қатысатын болады.
X
Теги: қазақфильм, Қанағат Мұстафин, Серпіліс, фестиваль, фильм, Шәкен Айманов
БАСТЫ РӨЛ тележобасына қатыс!
28 қазанда «БАСТЫ РӨЛ» атты жаңа тележоба бастау алады. Жобаның ұйымдастырушылары Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «НТК» телеарнасы мен MG Production продюсерлік орталығы.
«Басты рөл» тележобасы – бұл жаңа отандық фильмдерге жарияланған ашық кастинг. Жобаға жасы 16-ға толған, өз күшіне сенімді дарынды жандар қатыса алады. Бірнеше сатыдан құралған жобаның қатысушылары еліміздің ең үздік сахна және экран шеберлерінен дәріс алуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын болады. Жобаның барлық іріктеу кезеңдері мен актерлық шеберлік дәрістері телеарнадан көрсетілетін болады. Сондықтан да телекөрермендер сынға түскен қатысушылардың алғашқы қадамдарынан бастап, басты рөлге тағайындалып, жеңімпаз аталуына дейінгі ауыр жолды көріп-тамашалай алатын болады. Сонымен қатар, ең харизмалық және дарынды екі қатысушы актерлық шеберліктен дәріс алуға әлемдік киноиндустрияның жүрегі - Hollywood-қа жолдама алады.
Алғашқы іріктеу кезеңінің кестесі:
АСТАНА — «Оскар» түнгі клубы:
28 қазан – іріктеу кезеңі (сағат 10:00),
29,30 қазан – бірінші кезеңнен өткен қатысушылардың қойылымдары
31 қазан – негізгі сайысқа жолдама алған жеңімпаздардың тізімін жариялау
АЛМАТЫ — «Қазақфильм» киностудиясы:
4 қараша – іріктеу кезеңі (сағат 10:00),
5, 6 қараша – бірінші кезеңнен өткен қатысушылардың қойылымдары
7 қараша – негізгі сайысқа жолдама алған жеңімпаздардың тізімін жариялау
Толық мәлімет www.kazakhfilmstudios.kz және www.glavrol.kz сайттарында X
Теги: Басты рөл, Главная роль, Жанна Қуанышева, қазақфильм, Макс Ақбаров, Фархат Абдраимов, Фархат Шәріпов, Шәкен Айманов
«Секер» және «А-ға оралу» фильмдері Ташкенттегі «Алтын Гепард» халықаралық кинофорумда көрсетіледі.
19 қазанда Ташкент қаласында «Алтын Гепард» атты халықаралық кинофорум басталды. Мәдени іс-шараның конкурстық бағдарламасына режиссері Сәбит Құрманбековтың «Секер» фильмі қатысады. Сонымен қатар арнайы бағдарламада режиссері Егор Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі 3D форматында көрсетілетін болады. Бұл екі картина Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімі.
- Таңдап алынған картиналар бізге өте ұнады. Барлығы да аса шеберлікпен жасалған, актерлық және операторлық жұмысымен, драматургиясымен ерекшеленеді. Бас жүлде үшін нағыз шеберлер күресінің куәсі болатынына сенімдімін,- деді «Алтын Гепард» кинофорумның арт-директоры, актер және режиссер Назым Туляходжаев.
Қазылар алқасының төрағасы ұзақ жылдар бойы Берлин және Вениция қалаларында өткізілетін кинофестивальдерді басқарған Мориц де Хадельн мырза. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында Жапонияның кинорежиссері Шуния Ито, Францияның кино майталманы Ян Раймон, киносыншы Ханс Шлегель, кинопродюсер Пегги Чао, кинорежиссер Егор Кончаловский және актриса Ингеборга Дапкунайте бар.
Сонымен қатар бұл кинофорумға Арманд Ассанте, Кэри Хироюки Тагава және Матиас Хьюз сияқты танымал голливуд актерлары, Дмитрий Дюжев, Лариса Гузеева, Никита Высоцкий, Олег Тактаров, Валерий Баринов, Елена Морозова, Алика Смехова, Валерий Николаев секілді ресейлік актерлер мен Сергей Соловьев, Павел Лунгин, Валерий Тодоровский сынды режиссерлар, тележүргізуші Сергей Шолохов және тағы да басқа танымал жұлдыздар қатысады.
Германия, Ресей, Эстония, Норвегия, Литва, Жапония, Қытай, Иран, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан және басқа де мемлекеттерден барлығы 140 жуық толықметражды картиналар, 80 астам қысқаметражды және 74 анимациялық фильмдер кинофорумға қатысуға тапсырыс берген.
X X
Теги: қазақфильм, Шәкен Айманов, Алтын Гепард, кинофестиваль, секер, А-ға оралу
Таллинн мен Вильнюс қалаларында қазақ киносының күндері өтті.
Қазақ киносының апталығы Таллин қаласында қыркүйек айында, ал Вильнюс қаласында қазан айында өтті. Бұл мәдени іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізілді.
Бұл күндері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған фильмдер: режиссері Хуат Ахметовтың «Ка мырза, Сіз кімсіз?», Қанағат Мұстафиннің «Серпіліс», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» және Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» картиналары көрсетілді.
Мәдени іс-шараның ашылу салтанатына осы елдердегі Қазақстан Республикасының елшісі Ғалымжан Қойшыбаев қатысты. Ол қазақ киносының күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізілгені және Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуір айында Таллинн қаласындағы мемлекеттік сапары шенберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына алып келетініне, сонымен қатар, Литва мемлекетінің президенті Д.Грибаускайтенің Қазақстанға іс-сапары нәтижесінде білім, ғылым, мәдениет және өнер салаларындағы ынтымақтастықтың нығаюы туралы айтты.
Таллин қаласы әкімінің орынбасары Михаил Кылварт ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қазақ кино күндері Эстнония астанасының мәдени өмірін байыта түскенін айтып кетті. Таллинде өткен қазақ киносының апталығы «Секер» фильмімен ашылды, картинаны қалың жұртшылыққа таныстырған фильмнің реджиссері Сәбит Құрманбеков. Қазақстандық режиссер қазақ киносының дамуы жөнінде сөз айтып, аталып жатқан мәдени іс-шараның екі ел халықтарын мәдени байланыстыратынын айтты.
Таллинде өткен қазақ киносының күндерін ұйымдастырған Эстнонияның Мәдениет министрлігі мен «Культуркапиталл» қорының қатысуымен эстондық «Отаку» кинопрокат компаниясы, «Лира» эстониялық ұлттық қауымдастық одағы және Балтия мен Финляндия елдеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігі.
Вильнюс қаласында өткен қазақ киносының апталығының ашылуына келген Литваның кинематографистер одағының президенті Г. Лукшастың айтуына қарағанда, қазақстандық кинофестиваль Литва мемлекеті астанасының мәдени өмірін нығайта түскенін атап өтті. Бұл мәдени шараны ұйымдастырған Литваның кинематографистер одағы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Балтия және Финляндия елдеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігі.
X
Теги: Казахфильм, кино, қазақ кино, қазақфильм, Шәкен Айманов, Вильнюс, Таллинн
«Жел қызы» фильмінің тұсаукесері.
13 қазаннан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Production House 567» қатысуымен шығарған режиссері Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» атты фильмі үлкен экрандардан көрсетіле бастайды. Естеріңізге сала кетсек, фильмде ескі дәстүр бойынша қала аруларының бірін алып қашқан үш жан жолдастар туралы баяндалады.
– «Жел кызы» фильмі мен үшін эксперименталды, авторлық және көрермендерге арналған киноны біріктіре отырып, жаңа бағытты ашуға тырыстым. Бұл фильмді көпшілік көріп, өз бағасын бере жатар, – деді фильмнің режиссері Жасұлан Пошанов
Аталған туынды еліміздің 12 қалаларында көрсетілетін болады.
     X
Теги: Девушка-ветер, қазақфильм, жел қызы, Жасұлан Пошанов, комедия
Қырғыз кинематографистері «Қазақфильмде» қонақта болып қайтты.
7 қазанда «Қазақстандағы қырғыз кино күндері» мәдени шарасы аясында «Қазақфильмде» киностудия басшылығы Қырғызстаннан келген кинематографистер-әріптестерімен кездесті. Қонақтар киностудияны аралап, анимациялық және сандық кешенді, сонымен қатар қалпына келтірілген түсіру павильондарын көріп тамашалады.
- Бәрі де жоғарғы деңгейде. Барлығы да таң қалдырды, әсіресе, Dolby Premiere дыбыс жазу студиясы - деді Қырғызстан Кинематографистер Одағының өкілі Садық Шернияз.
Кездесу барысында қазақстандық және қырғызстандық кинематографтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі талқыланды. Отырыс соңында Қазақстан кинематографистерінің Қырғыз еліне іс-сапары туралы шешім қабылданды.
Киностудияға келген қонақтардың қатарында «Қырғызфильм» киностудиясының бас директоры Талайбек Күлмендиев, режиссер-документалист, «Манас» қырғыз-түрік университетінің профессоры Артық Сүйіндіков және оның шәкірті режиссер-документалист Ульяна Коновалова болды. Қырғызстаннан келген қонақтарды қарсы алған киностудияның президенті Ермек Аманшаев, бас редакторы Дидар Амантай және даму жөніндегі атқарушы директор Ілияс Ахмет. Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко қатысты.
Осы мәдени іс-шара шеңберінде Кино үйінде қырғыз фильмдерінің көрсетілімі, Қазақстан кинематографистері, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен көрермендермен шығармашылық кездесулер және Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы мен «Тұран» университеті телеарна мен кино академиясында арнайы кездесулер өткізілді.
X
Теги: кинематографистер одағы, Қазақстан, қазақфильм, Қырғызстан
|
|
|